Атырау, 23 қараша 09:33
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Австриялық компания індетті малдың құнын өтеуден бас тартса, Қазақстан тарапы сотқа жүгінбек

1 559 просмотра
АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - СҚО-ға жеткізілген індетті қара малдың шығынын австриялық компания өтеуден бас тартса, Қазақстан тарапы бұл мәселе бойынша соттасатын болады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, келтірілген шығын малды жеткізуші австриялық компанияның есебінен өтеледі. «Зертханалық тұрғыда аталған жануарларда дерттің бірнеше түрлері бар екені дәлелденді. Осының негізінде ірі қараның көзі жойылды. Атап айтқанда, шығындар өтеледі. Егер де бұл мәселені өз еріктерімен шешпесе, онда сот тәртібіне жүгінеміз»,-деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2012 жылғы қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысындағы «Леонов» ШҚ және «Полтавское» ЖШС-на Австриядан 722 бас ірі қара жеткізілген болатын. Ветеринарлық талаптар сәйкес жануарлар карантиндік бақылауға алынған еді.

Осының аясында бұл жануарларда вирустық диарея мен Шмаленберг дерті анықталды.

Дереккөз: inform.kz

25 ақпан 2013, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.