Атырау, 24 қараша 22:02
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​АҚШ Ресей қорғаныс саласының 11 өкіліне шектеу енгізді

1 563 просмотра

АҚШ санкцияларды кеңейтіп, Ресейдің қорғаныс саласының 11 жоғары лауазымды өкіліне санкция салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қара тізімге «Ресей гвардиясы» мен «Ресей қорғаныс экспорты» компаниясының басшысы бар. Қорғаныс министрінің 8 орынбасары да осы қатарда. Енді бұл тұлғалардың АҚШ-тағы мүлікі мен активтері бұғатталды. 

ЖАПОНИЯ РЕСЕЙДІҢ ТАҒЫ 17 АЗАМАТЫНА САНКЦИЯ САЛДЫ

Жапония билігі Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдің тағы 17 азаматына санкция салды. Олардың ішінде «Коммунисттік партия» орталық комитетінің төрағасы мен Думаның 11 депутаты бар. Санкцияға сай олардың жапон жерінде кез келген қаржылай операция жүргізуіне тыйым салынады.  

СЛОВАКИЯ РЕСЕЙДІҢ 3 ДИПЛОМАТЫНАН ЕЛДЕН КЕТУДІ ТАЛАП ЕТТІ 

Ал Словакия Ресей елшілігінің 3 дипломатын персона нон грата деп жариялап, елден 72 сағат ішінде кетуді талап етті. Братислава олар Дипломатиялық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясын бұзды деп айыптап отыр. Бұған дейін Словакияда Қорғаныс министрлігінің бірнеше қызметкері тұтқындалған болатын. Олар Ресей үшін тыңшылықпен айналысты деген күдік бар.

15 наурыз 2022, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.