Атырау, 7 қазан 11:26
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Пысықай салықшы

1 928 просмотра

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы банк шоттарына салынған тыйымды заңсыз алғаны үшін 2,7 миллион теңгеден астам ақша алған. 

Қала прокуратурасы Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметіне тексеру жүргізіп, оның қызметкерлерінің баю үшін пайдаланған сыбайлас жемқорлық схемаларын: салық берешегін өндіріп алудағы әрекетсіздік, бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу және т.б. анықтады. 

Мәселен, банк шоттарына салынған тыйымды заңсыз алып тастағаны үшін бөлімнің бас маманына борышкерлерден өз жеке банктік шотына жүйелі түрде ақша түсіп тұрған. 

Аталған істер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданып, тексеру шаралары жүргізілуде. 

Қазір мемлекет пайдасына 80 миллионнан астам теңге өндіріліп, 70 кәсіпкердің құқығы қорғалды, 15 лауазымды тұлға тәртіптік, 1-уі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бөлім басшысы қызметінен босатылды.

 Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 наурыз 2022, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.