Атырау, 24 қараша 21:50
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түрікменстандағы президент сайлауында Бердімұхамедовтің ұлы жеңіске жетті

1 315 просмотра

Түрікменстанның бұрынғы басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердар президенттік сайлауда 72,97 пайыз дауыспен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түрікменстанның сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы қаулысы негізінде 72,97 пайыз дауыс жинаған Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып сайланды", - делінген Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Сердар Бердімұхамедов 1981 жылы дүниеге келген. Ниязов атындағы Түрікмен ауыл шаруашылығы университетін "инженер-технолог" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008-2011 жылдары Ресей СІМ Дипломатиялық академиясында оқып, халықаралық қатынастар бойынша маман болды.

2018 жылдың наурызында Сердар Бердімұхамедов Түркіменстан СІМ басшысының орынбасары болып тағайындалды. Содан кейін ол Түркіменстан мәжілісіне (парламентіне) қайта сайланды. 2019 жылдың қаңтарында Сердар Бердімұхамедов СІМ басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Ахал уәлаяты (облысы) хякимнің (әкімшілік басшысы) орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылдың маусымында ол хякимнің орынбасары қызметінен босатылып, осы велаяттың хякимі болып тағайындалды. 2020 жылдың ақпанынан бастап Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның өнеркәсіп және құрылыс өндірісінің министрі қызметін атқарды. 2021 жылдың ақпанынан бастап вице-премьер лауазымында жұмыс істейді.

Еске салайық, ақпанда Халк маслахаты (Халық кеңесінің) парламентінің жоғарғы палатасының кезектен тыс отырысында Түрікменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жас басшыларға мемлекетті басқаруға жол беру қажет екенін мәлімдеген болатын.

15 наурыз 2022, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.