Құлсары қаласында №27 үй апатты деп танылып, тұрғындар жаңа қонысқа көшірілді. Алайда бұрынғы көршілері ашық-шашық жайрап жатқан үйдің жын-ойнаққа айналғанына алаңдап, мазалары қашып отыр.
- Бұл жерде кейде төбелес болып, екі рет өрт шықты. Бірнеше рет полицияға шағым түсірдік, бірақ ештеңе өзгерген жоқ, - дейді жергілікті тұрғындар атынан Сәуле НАЗАРОВА. – Алқа-салқа күйде тұрған бұл үйді тезірек бұзса екен.
Жылыой аудандық ТКШ бөлім басшысы Еркебұлан АҚҚҰСОВ:
- Апатты деп танылған бұл үйдің жері мемлекет меншігіне алынды. Оны бұзып, басқа бір нысан салу жоспарда тұр. Бірақ бюджетте әзірге оған қаржы қарастырылмаған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор