Атырау, 24 қараша 21:58
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​ "Первый канал" редакторы тікелей эфирге соғысты тоқтатуға шақыратын плакатпен жүгіріп шықты

Бейнежазба
1 248 просмотра

Ресейлік "Первый канал" телеарнасының жаңалықтары кезінде тікелей эфирге соғысты тоқтатуға шақыратын плакат ұстаған қыз шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash басылымына сілтеме жасап.

"Сіз күтпеген кибертеррор. "Первый канал" эфиріне өткір саяси мәндегі плакат ұстаған қыз шықты. Жаңалықтар тоқтатылмады.
Біздің ақпарат бойынша, теледиверсияны "Первый каналдың" қалалық бөлімінің редакторы ұйымдастырған. Оның есімі Марина Овсянникова. Қазір ол ұсталды, онымен полиция бөлімінде сөйлесіп жатыр", - делінген Mash-тың Instagram-парақшасында.

РИА Новости мәліметінше, "Первый канал" эфиріне бөтен адам шығып кеткеннен кейін телеарнада ресми тексеріс басталған.

"Время" бағдарламасының тікелей эфирі кезінде шынымен де, кадрға бөгде адам шығып кеткен оқиға болды, ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп жазды сайт арнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 наурыз 2022, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.