Атырау, 7 қазан 11:30
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Биыл қалада 47 ойын алаңы орнатылады

Сурет
1 970 просмотра

Осы жылды Президент балалар жылы деп жариялады. Қала тұрғындары Атыраудағы бүлінген ойын алаңдарын жөндеуге мұның септігі тиер деп күтеді.

Осыдан үміттенген қала тұрғындары судың ортасында қалған, ойнайтын әткеншектері үзіліп, басқа да құрал-жабдықтары бұзылған ойын алаңдарының бірнеше суретін жіберген еді.

Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл қалада 47 орынға әр түрлі ойын алаңдары (оның ішінде, 29 балалар ойын алаңы, 12 спорттық-жаттығу алаңы, 6 кіші аяқ доп алаңдары)  орнатылады. Қазіргі кезде олардың орнатылатын жерінің тізімі жасақталуда.

- Бұдан бөлек, 2021 жылы қала аумағындағы 100 ауланы абаттандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттары жасақталды. Бұл кезең-кезеңмен сараптамадан өтіп жатыр. Сараптамадан оң қорытынды алынған 80 ауланы абаттандыру жұмыстарына қаражат бөлінуі күтілуде. Қаражаттың бөлінуіне қарай жұмыстар басталады. Жоба аясында тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру, автокөлік пен жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіру, балалар ойын алаңын, спорттық-жаттығу, кіші аяқ доп алаңдарын орнату, жасыл-желектерді отырғызу, қоқыс алаңшалары мен қоқыс жәшіктерін орнату, түнгі жарық шамдарын орнату, т.б. жұмыстар атқару қаралған, - деді бөлімдегілер.

Тұрғындар аула ішіндегі тозығы жеткен, бұзылған ойын алаңдарын қалпына келтіру бойынша қалалық ТКШ бөліміне өтініш бере алады. Осы жыл басынан бері ПИК пен қала тұрғындарынан осындай 30-ға жуық өтініш түскен.

Мамандардың айтуынша, арыздар жан-жақты зерделеніп, ақаулары мен шығын көлемі анықталып, қолда бар мүмкіндіктермен және демеуші мекемелердің көмегімен қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

14 наурыз 2022, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.