Атырау, 7 қазан 11:28
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атыраудағы «Көрісу»

Сурет Бейнежазба
2 427 просмотра

Биыл 14 наурыз көрісу мерекесі Атырауда жылжымалы сахна арқылы қала көшелерінде атап өтілді. Шараның ашылуы облыстық тарихи өлкетану музейі алаңында басталып, қала тұрғындары мен қонақтарына театрландырылған көрініс, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шара барысында жиналған қонақтарға қазақтың салт-дәстүрінен көрініс ретінде атыраулық ерлі-зайыптылардың сәбиінің тұсаукесер рәсімі жасалды. Азиз есімді ұлдың тұсауын кесу жоралғысын ата-анасы Бақытжан мен Динара Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовке жолдады.

- Азиз біздің отбасындағы төртінші баламыз. Жақында 1 жасқа толды. Қазақтың салт-дәстүрі бойынша тұсаукесер рәсімін жасауды 14 наурыз амал мерекесіне жоспарлағанбыз. Бүгінгі мерекеге орай келіп, көпшіліктің батасын алғанымызға қуаныштымыз, - дейді ата-анасы.

Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының басшысы Жәнібек Аманиязовтың сөзінше биыл көрісу мерекесін қала тұрғындарын алаңға жинап, кең көлемде атап өтуге рұқсат етілмеген. Алайда қала тұрғындарына мереке нышанын сезіндіру үшін әнші, биші өнер ұжымы жиналған жылжымалы сахна ұйымдастырып, қаланың орталық көшелерімен жүріп, тұрғындарды құттықтауға мүмкіндік болды.

Жылжымалы сахна теміржол вокзалы мен Авангардтың соңғы аялдамасына дейін барып ол жерде де қала тұрғындары және қонақтарымен көрісіп, жарты сағаттық театрландырылған қойылым қойды. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

14 наурыз 2022, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.