Атырау, 7 қазан 11:31
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бұл өр суы емес, еріген қар суы

Бейнежазба
1 895 просмотра

Соңғы жылдары өр суының тапшылығы Қызылқоға ауданын да тығырыққа тіреп қойды. Биыл қалай болады, белгісіз. 

- Соңғы кезде су тапшылығы өзекті мәселеге айналды. Қызылқоға ауданында заңсыз салынған Түкті ата, Алып ана, Ақтас, және Иткүшік деп аталатын төрт бөгет бар. Бірақ Ойыл өзені бойындағы заңсыз бөгеттерді алу жөнінде нақты шешім қабылданған жоқ. Биыл өр суынан үміттіміз. Тамдыкөл платинасынан мол су еш кедергісіз Қызылқоғаның Сағыз өзеніне келіп қуантып жатыр, - дейді жергілікті шаруалар.  

Біз келіп жатқан су көлеміне қатысты жергілікті әкімдікке хабарластық.

- Еріген су біртіндеп келіп жатыр, бірақ бұл бастаудан аққан өр суы емес. Екі күн бойы үздіксіз  жауған жаңбыр мен сай-саладағы еріген қар суы. Бүгінде осы су Жамансорға дейін жетті. Ақтөбе жақтың басы әлі толық ерімеген. Биыл қаншалықты табиғи су келетінін анықтай алмай отырмыз. Естуімізше, Ақтөбедегі тауда мол қар жатыр дейді, соған қарағанда биыл қуаңшылыққа ұшыратпас деген болжамымыз бар, - дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Айдулат КЕНЖЕБЕКОВ. - Заңсыз салынған бөгет мәселесі де қарастырылуда. Бұл бөгеттер Кеңес одағы кезінде салынған. Бұл жерде республикалық маңызы бар өзендер болғандықтан, шешімді құзырлы мекемелер қабылдауы қажет болады. Біз ұсыныстарымызды жолдап жатырмыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 наурыз 2022, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.