Атырау, 7 қазан 11:27
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атыраулық полицейлер іздеуде жүрген екі мигрантты ұстады

1 846 просмотра

Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының екі азаматын ұстады, деп хабарлады полиция департаментінің бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВ.

1967 жылғы 54 жастағы әйел Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 168-бабының 3-тармағы («Аса ірі көлемдегі алаяқтық»), ал оның 28 жастағы отандасы Жаңаөзен қаласында жасалған ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы («16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген. 

Қазіргі кезде ұсталған екеуі Атырау ҚПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 наурыз 2022, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.