Атырау, 25 желтоқсан 07:24
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Атырауда өңірлік есірткі арнасы жойылды

Сурет
1 683 рет қаралды

Атырауда өңірлік есірткі жеткізуге қатысы бар деген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

«2022 жылғы 6 наурызда Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірлік жеткізу арнасына қатысы бар деген күдікпен ҚР-ның 3 азаматын ұстады.

Биылғы 7 наурызда топтың тағы бір қатысушысы ұсталды. Алдын ала деректер бойынша, ол есірткі арнасын ұйымдастырушы болған.

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден астам «марихуана» есірткісі алынды, оның қара нарықтағы құны 60 млн теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.

Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі материалдар ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Атырау облысының тергеу соты аталмыш тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.

14 наурыз 2022, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.