Атырау, 7 қазан 11:23
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Нұрлыбаевтың, Таубаевтың істері бойынша сот аяқталуда, ал Хаменованың соты басталады

2 218 просмотра

Өткен аптада №2 қалалық сотта Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВ пен «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі директорының орынбасары Нұрлан БИСЕМБАЕВТЫҢ ісі бойынша жарыссөз өтті. Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур БАСАРОВТЫҢ ісі бойынша да сот аяқталуға жақын. Айтпақшы, жақында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақтыгүл ХАМЕНОВАНЫҢ ісі бойынша процесс басталады.

Мемлекеттік айыптаушы – қалалық прокуратураның бөлім басшысы Қуаныш ШҮНКЕНОВ – Нұрлыбаевты өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, жалпы режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыруды; Бисембаевты жалпы режимдегі колонияда 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Еске салсақ, сот осы жылдың басында басталған болатын. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-тармағы («Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша қаралып жатыр. Қ.Нұрлыбаев 2019 жылы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып тұрған кезде Құрманғазы ауданындағы «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне 83,7 миллион теңге инвестициялық субсидияны заңсыз төлеген деп айыпталуда. Инвестициялық субсидиялау шарттарын жасау және инвестициялық субсидияларды төлеу 2019 жылғы 26 маусым мен 4 желтоқсан аралығында жүзеге асырылған. Ал өткен жылдың қаңтарында Нұрлыбаев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 

Айта кету керек, бұған дейін «Бұйырғын» кооперативінің бюджетке 83,7 миллион теңге бережағы толығымен өтелген. Алайда орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық (егер ол сотта дәлелденсе) қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, сондықтан іс сотқа жолданды.

Айнұр САПАРОВА

13 наурыз 2022, 22:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.