Атырау, 7 қазан 11:22
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қант қымбаттап кетті

2 188 просмотра

Осы қарбалас күндері Атыраудағы базарларда, супермаркеттер мен азық-түлік дүкендерінде қантқа қатысты проблема туындады. Мәселен, бүгін «Сарайшық» базарында қант сатылымда жоқ. Сатушылар қант бір күн бұрын таусылғанын, қашан келетіні белгісіз екенін айтады. Ал «Дина» базары мен үй жанындағы дүкендерде қанттың келісі 500-550 теңгеден сатылып жатыр. 

«Байзаардағы» Marco гипермаркетінде де сөреде қант бітіп кеткен. Алайда қызметкерлер мұның уақытша екенін, оның қоймадан әкелінетінін жеткізді. Марко мен Лидер супермаркетінде секер бағасы 349 теңге.

Супермаркеттер қантты әр адамға 3-4 келіден сатуда. Бір танысым «Дина» базарынан 50 келілік қапшықтағы қантты 20 мың теңгеге алған, ал түстен кейін ол 23 мың теңгеден сатылды.

Осыған қатысты әлеуметтік желідегі тұрғындардың сұрақтарына қала әкімдігі Facebook парақшасында ресми түсінік берді: «Қазіргі кезде қаладағы супермаркеттерде қанттың екі айлық қоры бар. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Қазір жасанды дүрлігу мен бағаның өсуіне жол бермеу үшін супермаркеттер бір адамға 3-5 келі қанттан артық алуға шектеу қойды. Супермаркеттегі бағаның өсуіне мамандар бақылау жүргізуде. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорына жуырда 3 вагон қант жеткізу жоспарланып отыр».

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

13 наурыз 2022, 20:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.