Атырау, 7 қазан 13:16
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырауда құрылыс басқармасы басшысының екінші бұрынғы орынбасары ұсталды

2 683 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 10 наурызға қараған түні Атырау облыстық құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Мерей ЖАНТӨРЕЕВ ұсталды. Бір жыл бұрын ол тіпті басқарма басшысының міндетін атқарды.

Еске салсақ, 10 ақпанда Атырау облыстық құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары - ұсталған кезде денсаулық сақтау басқармасы басшысының қаржылық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Нұрқуат НУДИН ұсталған болатын.

16 ақпанда ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі әлеуметтік нысандар құрылысына бөлінген аса ірі сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Атырау облыстық аумақтық департаментінің облыстық құрылыс басқармасының лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем Строй» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын ресми түрде хабарлады. Әңгіме мектеп, екі отбасылық дәрігерлік амбулатория және дене шынықтыру-сауықтыру кешені туралы болып отыр. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша айып тағылған.

Бізге жеткен мәліметке сәйкес, Жантөреевке қатысты дәл осы қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Айнұр САПАРОВА

11 наурыз 2022, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.