Атырау, 22 қараша 01:24
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атыраулық үкіметтік емес ұйымдарға құжатпен жұмыс істеу үйретілді

Сурет Бейнежазба
2 386 просмотра

3-4 наурызда Атырауда үкіметтік емес ұйымдар үшін әлеуметтік жобаларға өтінім дайындау бойынша екі күндік семинар өтті. Оған ҮЕҰ мен бастамашыл топ өкілдері қатысты.

Қатысушылар арасында «Берикуя» ҚБ (Лилиана Хегай), «Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық даму» қоры (Алена Асамбаева), «Заманауи» ҚБ (Асман Аманжол), «Самға жүрегім» ҚБ (Эльвира Аралова), Қолөнершілер қауымдастығы (Маржангүл Қалиева), Кәсіпкер әйелдер одағы (Айгүл Баямирова), «Айналайын баладан» ҚБ (Эльмира Мусина), «HomoSapien» ҚБ (Жұмабек Жарылғапов), «Ер жүректілер» ҚҚ (Мұхадия Қуангереев), «Доброе сердце» ҚҚ (Венера Манасова), «Қазақстан тәуелсіз ұрпағы» ҚБ (Эльдар Абижанов), «Мейірім Қазақстан» ҚҚ (Динара Құрман), «Тәлімгер» ҚБ (Галина Юсупова), «Бірегей» ҚҚ (Бақытгүл Бабаш), «Құрманғазы туған жер» ҚҚ (Азамат Абдуллаев), «Бақытты бала» ҚҚ (Нұрсұлу Жакуалиева), «Altynuya» ҚҚ (Назгүл Жақсымова) бар. Айта кету керек, олардың саны өте аз.

Ұйымдастырушы – «Маңғыстау облысының Аазаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы. Шеберлік сыныбы Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында жүзеге асырылып жатқан Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Қоғамдық қатысу мектебі – Батыс Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылды.

«Маңғыстау облысының Азаматтық альянсының» басшысы Жібек АХМЕТОВАНЫҢ айтуынша, жобаның мақсаты – мемлекеттік ресурстарды тиімді бөлу арқылы Батыс Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі өмір сүру сапасын жақсарту. Осы екі күн ішінде атыраулық ҮЕҰ мүшелері жобалық өтінімдерді дайындауды, мемлекеттік және мемлекеттік емес донорлардың талаптары бойынша бюджетті құруды үйренді.

- Бұдан басқа, семинарға қатысушылар ҮЕҰ-дағы бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша жаңа білім алды, салық есептілігін жасау және т.б. бойынша білім алды, - дейді Ж.Ахметова.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

4 наурыз 2022, 20:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.