Атырау, 7 қазан 13:19
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«IKEA» әзірге біз үшін қолжетімді емес

1 554 просмотра

IKEA Ресейдегі жұмысын тоқтатуына байланысты осы фирманың тауарын жеткізумен айналысатын атыраулық кәсіпкерлер де тапсырыс қабылдауды тоқтатты.

- IKEA тауар жеткізбеу туралы шешім қабылдап қана қоймай, бүгіннен бастап кем дегенде үш айға өз дүкендерін жапты. Дүкеніміздегі үйге керекті тауарларды ғана ала аласыз, бірақ бізде жиһаз жоқ, оны тапсырыспен әкеліп жүрдік, - деді маған әлеуметтік желіде жарнама бойынша қоңырау шалғанымда кәсіпкерлердің бірі. Мұның қанша уақытқа созылатыны және IKEA тауарларын жеткізумен айналысатын бизнесмендердің енді не істейтіні әзірге белгісіз.

iHerb компаниясы да Ресейдегі жұмысын тоқтатқанын хабарлады, бірақ бұл біздің кәсіпкерлердің жұмысына әсер еткен жоқ, өйткені оның тауарлары тікелей Қазақстанға жіберіледі.

– Күні кеше ғана таңертең тапсырыс бердім, бүгін тағы да тауарға тапсырыс берейін деп жатырмын. Төлем жақсы жүріп жатыр, жеткізумен де еш қиындық болмайды деп сенемін, – дейді кәсіпкер Айжан МҮСІЛІМОВА. Рас, тауар бағасы қымбаттады, iHerb-тің тұрақты сатып алушылары жаңа жылдан бастап тауар құнына тағы 12% ҚҚС қосылғанын біледі. Ал соңғы кездері құнға доллардың өсуі әсер етуде.

Ресейдегі санкцияларға байланысты әлемге әйгілі көптеген компаниялар, соның ішінде ASOS, Apple Store, Dell, HP, Nike, BMW, Honda, Toyota және т.б. өз жұмысын және жеткізілімдерін тоқтатып жатыр. Ал төлем жүйелері жұмысын тоқтатты, санкцияларға ұшыраған банктерде бұғатталды немесе жаңа карталарды шығаруға тыйым салынды. Олардың ішінде American Express, Apple Pay, MasterCard, Visa және т.б. бар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 наурыз 2022, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.