Атырау, 24 қараша 22:08
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы жағдай: келіссөздердің екінші раунды, атом электр станциясындағы өрт

1 651 просмотра

3 наурызда Ресей – Украина келіссөздерінің екінші раунды өтті. Тараптар үш маңызды мәселені талқылап, гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат және экономика

  • Келіссөздер барысында Ресей мен Украина делегациялары негізгі үш мәселені талқылады: әскери, гуманитарлық және қақтығысты саяси реттеу. Тараптар уақытша атысты тоқтату туралы бітімге келіп, гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз етуге келісті.

  • Киев пен Мәскеу келіссөздерді жалғастыруға келісті, үшінші раундты мүмкіндігінше тезірек өткізу жоспарлануда.

  • Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің айтуынша, Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығару мәселесі қаралып жатқан жоқ.

  • Пентагон қақтығыстардың алдын алу үшін Ресей Қорғаныс министрлігімен байланыс желісін құрып жатқанын айтты.

  • Украинада Ресейге шалынатын телефон қоңыраулары бұғатталды.

  • Украина жағында соғысқысы келетін Чехия азаматтары өз елінде жазаға тартылмайды.

  • Гаага трибуналының тергеушілері Украинаға барды.

  • Джонсон Зеленскиймен сөйлесу барысында Запорожье атом электр стансасы төңірегіндегі жағдайға байланысты таяу сағаттарда БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақыратынын мәлімдеді.

Әскери іс-қимылдар

  • Запорожье АЭС-індегі өрт станция аумағынан шеткері жерде болды. Радиациялық фонда өзгерістер байқалған жоқ.

  • МАГАТЭ: АЭС маңындағы өрт стансаның «негізгі жабдықтарына» әсер еткен жоқ.

  • Ресей армиясы Украинаның Запорожье облысындағы Бердянск және Энергодар қалаларын, сондай-ақ Запорожье атом электр станциясы маңындағы аумақтарды өз бақылауына алды.

4 наурыз 2022, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.