Атырау, 7 қазан 15:27
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Мейірім Қалауи Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды

4 773 просмотра

Мейірім Қалауи Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды.

«Атырау облысы әкімінің өкімімен Атырау қаласының әкімі болып Атырау облысының тумасы Мейірім Қалауи тағайындалды», - делінген ресми хабарламада.

Мейірім Жоламанұлы Қалауи 1985 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген.

2006 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2010 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызметтің Ресей академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бастаған. 2010-2011 жылдары «Тұран» ЖШС-нің директоры, "Қазақстан" РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары - бас редактор болып еңбек еткен.

2011-2012 жылдары «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасы, 2012-2016 жылдары Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып қызмет етті.

2016-2019 жылдары облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

Сондай-ақ, ол "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" жастар қанатының Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметін қоғамдық негізде атқарған.

Мейірім Қалауи 2019-2021 жылдары Индер ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2021 жылдың шілде айынан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

4 наурыз 2022, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.