Атырау, 7 қазан 15:30
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бірнеше жыл құжатсыз жүрген

1 521 просмотра

Құрманғазы ауданында 20 жылдан астам уақыт бойы құжатсыз тұрған  44 жастағы азаматша бірнеше жыл бұрын Қазақстанға Ресейден көшіп келген. Қолындағы ескі совет заманы үлгісіндегі қызыл паспортымен жүрген.

Ауыл тұрғыны 3 қызымен бірге 20 жылдан астам уақыттан бері жеке тұлғасын растайтын құжатсыз өмір сүргені анықталған. Сол себепті азаматша ешқашан ресми жерде жұмыс істеп көрмеген, балаларымен бірге тегін медициналық көмекке жүгіне алмаған.

- Құрманғазы аудандық көші-қон қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Аудандық полиция бөлімі арнайы көлік ұсынып, көші-қон қызметі бөлімінің өкілі Айдана Амангелдиева менімен бірге елшілік орналасқан Астрахань қаласына барды. Ақыры Қазақстан азаматшасы болғаныма қуаныштымын. Енді еліміздің өркендеуіне үлесімді қосуды мақсат етіп отырмын. Көші-қон қызметінің қызметкерлеріне азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібін түсіндіріп, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын, – деді Надия Набиқызы.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 наурыз 2022, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.