Атырау, 7 қазан 13:25
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Мемлекет мұқтаж жандарға жалдау ақысының жартысын төлейді

2 121 просмотра

Баспанасы жоқ мұқтаж жандарға жалға берілетін тұрғын үй ақшасын 50 пайыз субсидиялауды Атырау облысы 1 мамырдан бастап іске асыруды жоспарлап отыр.

Бағдарламаның біздің өңірде орындалу барысын «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының ғимратында өткен жиында «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Нұрбол ҚҰРМАН мәлімдеді.

Азаматтарға тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін төлеу бойынша қаржы операторы «Отбасы банк». Банк директорының айтуынша, бағдарламаны Атырау облысында жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 1 млрд 764 млн теңге, жергілікті бюджеттен 441,1 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.  

Атырау облысы бойынша пәтер жалдау құны 1 ш.м. - 2172 теңгені құрайды. Мемлекет тарапынан жалдау ақысына шектеу белгіленді, отбасында 3 адам болса – 86 894 тенге, 5 адам болса – 130 340 тенге, 6 және одан көп болса 173 787 тенге көлеміндегі пәтерді жалдай алады. Мемлекет осы қаржының 50 пайызын субсидиялайды. Жеке тұрғын үйлерді жалдаушыларға келесідей талаптар қойылған, ол міндетті түрде ҚР азаматы болу керек, сонымен қатар:

- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

- кәмелетке толғанға дейін ата анасынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- «Алтын алқа», «Күміс алқалы» аналар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, 1-ші, 2-ші дәрежелі «ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналар, көп балалаы отбасылар;

- санат бойынша кезекте туру керек, яғни, 1 және 2 топ мүгедектері жатады.

Отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы тиіс.

Жиын барысында депутаттар тарапынан - тұрғындардың жалдауға алған үйлерінің жағдайы тексеріле ме? Егер жалдап отырған үйі жұмысынан, балалардың мектебінен алыс болса, үйі қыста салқын болса, олар бір жыл ішінде басқа үй жалдай ала ма деген сұрақтар туындады.

- Әрине, жалдайтын тұрғын үйін отбасы өздері таңдайды. Егер белгілі уақыттан кейін үйлері ұнамаса, қайтадан басқа жалдаушымен келісімшарт жасай алады. Сонымен қатар, отбасының шынымен сол үйді жалдап тұрып жатқанын жергілікті әкімдік тоқсан сайын бақылап отырады, - деді Н.Құрман. 

Тағы бір сұрақ - туысқандардың үйін жалға алуға бола ма? Мысалы БЖЗҚ-нан қаражат алған кезде  көпшілігі ақшасын алу үшін әр түрлі құйтырқы әрекеттерге барып, туыстарының, танысының үйін сатып алу жағдайлары кездесті. Бұл бағдарлама аясында да азамат туысының үйінде тегін тұрып, мемлекеттің қаржысы жоспарсыз кетпей ме?

- Ол мәселесе қатаң тексеріледі. Келісімшарт кезінде үйді жалға беруші мен жалға алушы отбасының арасында туыстық қатынас болмауы тиіс. Сонымен қатар бұрынғы некедегі жұбайымен келісімшарт жасалмауы керек. Айта кететін жайт, арнайы есепшот ашылады. Сол шотқа әр ай сайын бірінші пәтер жалдаушы 50 пайыз ақшасын аударған кезде ғана мемлекет қалған 50 пайызды аударады, - деп жауап берді ол

Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Данияр МУКИШЕВ, отбасылардың жалақысының орташа көрсеткіші ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс екенін атап өтті. (Атаулы әлеуметтік көмек ортақ табысқа қосылмайды - авт. ескертпесі). Бүгінгі күні ең төменгі күнкөріс көлемі - 36 018 теңге. Мәселен, отбасында ерлі зайыптылардың (студенттер де кіреді) 3 баласы болса, олардың ортақ табысы 180 090 теңгеден аспауы тиіс.  

Қазір алдын ала тізім бойынша осы санаттағылар тізімінде 2800 ге жуық тұрғын бар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор 

4 наурыз 2022, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.