Атырау, 8 наурыз 04:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Атырау облысында бір тәулікте 7 адам COVID-19 жұқтырған

1 429 рет қаралды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 6 науқас анықталды. Барлық жағдай Атырау қаласында расталған. 

Коронавирустық инфекциясы бар 4 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 5 адам емделді.

Қазір 266 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 21 науқас ем алып жатыр. 

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

2 наурыз 2022, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.