Атырау, 24 қараша 21:59
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Халықаралық қылмыстық сот Ресейге қатысты тергеуді бастамақшы

1 440 просмотра

Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы тергеу басталғанын жариялады. Оның прокуроры мекеме тергеуді тезірек бастауға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап. 

Еске салайық, бұл тұрақты жұмыс істейтін тәуелсіз сот органы. Оның құзыретіне геноцид, әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы қылмыстар, сондай-ақ басқыншылық қылмыстар үшін жауапты адамдарды қудалау кіреді.

Бұған дейін Владимир Зеленский Украинаның халықаралық сотқа шағым түсіргенін айтқан. Киев Ресейдің әскери операцияларын жалғастыруына тыйым салуды сұрайды.

1 наурыз 2022, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.