Атырау, 7 қазан 15:26
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау облысында ауыр жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді

1 502 просмотра

«Қазавтожол» ауыр жүк көліктеріне уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Осылайша 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары жолдарында ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі.

Сондай-ақ, 23 наурыздан 1 мамырға дейін шектеу Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізіледі", - делінген хабарламада.

1 наурыз 2022, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.