Атырау, 7 қазан 15:21
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Сигнал берілді, бірақ оны бәрі естіген жоқ

1 553 просмотра

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында және азаматтық қорғаныстың құлақтандыру жүйесін республикалық тексеру аясында бүгін, 1 наурызда таңертеңгі сағат 8.00-ден 11.00-ге дейін Атырауда құлақтандыру жүйесі техникалық тексеруден өтуі тиіс болатын. Бірақ тұрғындардың көпшілігі күткен сигналды естіген жоқ.

Әділдік үшін айта кетейін, редакцияда отырған кезде, сигналды естідім, бірақ өте әлсіз еді. Құлақтандыру жүйесі Балықшыда, Нұрсая мен Авангардта іске қосылды.

- Атырау облысы бойынша құлақтандыру жүйесін тексеру жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 10:15-ке дейін іске қосылды. Облыс бойынша 73 бірлік құлақтандыру жүйесі орнатылған. Атыраудың өзінде 44 бірлік (7 – С-40 сиренасы, 37 – «Марс Арсенал» сиреналық-дыбыстық қондырғысы), аудандарда 29 бірлік (10 – С-40 сиренасы, 19 – «Марс Арсенал» сиреналық-дыбыстық қондырғысы) бар. Бір құлақтандыру жүйесінің қамту радиусы қала аумағында 500-ден 800 метрге дейін, ал ауылдық жерлерде 1000-нан 1200 метрге дейін, - деп атап өтті ТЖД баспасөз қызметі. 

Техникалық құлақтандыру құралдары жоқ жерлерде құлақтандыру дауыстау құрылғыларымен жабдықталған ПД жедел-қызметтік көліктерінің көмегімен жүзеге асырылды (Атырау қаласында – 3, ауданда – 66 бірлік). 

Департамент қызметкерлерінің айтуынша, бүгін барлық құлақтандыру жүйелерінің, сонымен қатар, қауіпті өндірістік нысандар мен гидротехникалық құрылыстардағы локалды құлақтандыру жүйесінің техникалық жарамдылығы тексерілген. 

Биыл төтенше жағдай туындаған кезде тұрғындарды құлақтандыру үшін қосымша 35 дана құлақтандыру жүйесін орнату жоспарлануда. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 наурыз 2022, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.