Атырау, 7 қазан 15:20
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

ТЖД биылғы су тасқыны кезеңіне дайындалып жатыр

Сурет
1 566 просмотра

- Бүгінгі күні Атырау облысының аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты, елді мекендерді су басу қаупі жоқ, – деді ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы Д.БЕРДЕНОВ.

Оның айтуынша, Департамент «Атырау облысы аумағында 2022 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық, оны өткізу және ықтимал залалды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын» әзірледі. Волгоград және Ириклин су қоймаларының каскадында Ресей Федерациясы ТЖМ Астрахань, Волгоград және Орынбор облыстары бойынша бас басқармаларымен гидрологиялық деректер бойынша өзара іс-қимыл, сондай-ақ болжамды ақпарат алмасу ұйымдастырылды. Бүгінгі күні Ириклин су қоймасынан су торабы арқылы орташа тәуліктік су жіберу - 15м3/сек құрайды. Су тасқыны кезеңіне арналған негізгі болжам Қазгидрометпен ағымдағы жылғы наурыздың бірінші онкүндігінде жасалады. Волгоград облысы ТЖМ Бас басқармасының мәліметінше, төменгі Еділдегі гидрологиялық бекеттердегі су деңгейі орта есеппен көпжылдық көрсеткіштерге жақын болады және қауіпті белгілерден аспайды. 

Сонымен қатар, облыста су тасқыны кезеңінде ТЖ алдын алу және жою үшін бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Аудан әкімдіктерімен 24 760 дана қап, 26,5 тонна жанар-жағар май, 615 тонна құм дайындалды. Сондай-ақ құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары - 310 адам, 55 бірлік техника, 20 бірлік жүзу құралдары, "МИ-8" тікұшағы дайын тұр. Жергілікті бюджетте ТЖ жоюға 2022 жылы 1 млрд 92 млн 693 мың теңге қарастырылған. 

Сондай-ақ Атырау облысының аумағында ұзындығы 513 км құрайтын 1967-1994 жылдарда салынған топырақты қорғау бөгеттері бар, олардың 181 км жөндеуді қажет етеді. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді ТЖД ұсынды

1 наурыз 2022, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.