Атырау, 11 сәуір 22:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Жолаушыларды жалған нөмір таққан «Газельмен» тасымалдады

1 723 рет қаралды

Атырауда «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралына жалған мемлекеттік белгі орнатқан 34 жастағы жүргізушіні ұстады.

Заң бұзған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлігімен («Көлік құралына жалған мемлекеттік белгі орнатып жүргізген») әкімшілік хаттама толтырылды.

«Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы біздің қаламызда 21 ақпаннан бастап жүріп жатыр. Осы уақыт ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері 15 мәрте жол ережесін бұзған.

- Бұл шара барысында қоғамдық көліктердің техникалық жай күйі тексеріліп, мүмкіндігі шектелген азаматтарға арналған пандустардың бар-жоғына басты назар аударылды, -  деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВ.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 ақпан 2022, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.