Атырау, 24 қараша 21:39
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Зеленский қамаудағы әскерилерді түрмелерден босату туралы шешім қабылдады

1 468 просмотра

Украина президенті Владимир Зеленский түрмеде отырған нақты тәжірибесі бар әскери қызметкерлерді қылмыстық жауапкершіліктен босатып, қамаудан шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Моральдық тұрғыдан оңай емес, бірақ біздің қорғаныс тұрғысынан пайдалы шешім қабылданды. Соғыс жағдайында соғыс қимылдарына қатысушы, нақты жауынгерлік тәжірибесі бар украиндықтар қамаудан босатылып, соғыстың ең жойқын нүктелерінде өз кінәсін өтей алады. Сондай-ақ АТО-ның кейбір қатысушыларынан барлық санкциялар алынып тасталады. Қазір ең бастысы – қорғаныс", – деді ол өз сөзінде.

Бұған дейін Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников Facebook парақшасында Киев тұрғындарына 18 мыңға жуық автомат таратылғанын айтқан болатын. Бұған дейін Украинаның Жоғарғы Радасы азаматтық атыс қаруына құқық туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Заң жобасы азаматтық атыс қаруын өмірді, денсаулықты және меншікті қажетті қорғаныс немесе төтенше жағдайда қорғау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. 

Украина билігінің шешімінен кейін жергілікті БАҚ тонау оқиғалары болып жатқанын хабарлады. 

Бұған дейін Украинаның Жоғарғы Радасының "Оппозициялық платформа – өмір үшін" фракциясының депутаты Илья Кива Киевте аумақтық қорғаныс көшеде адамдарды атып, ондаған азаматтарды өлтірді деп мәлімдеді.

28 ақпан 2022, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.