Атырау, 10 маусым 17:22
 дождьВ Атырау +31.4
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Жолаушылардың мазасын алған мас жолаушы қамауға алынды

1 765 рет қаралды

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 жастағы Көкшетау тұрғыны «Нұр-Сұлтан - Атырау» рейсінің бортында мас күйде лайықсыз мінез көрсетіп, жолаушылардың мазасын алған. Оны ұшақ Атырау әуежайына қонғаннан кейін ұстады.

- Ұстау кезінде құқық бұзушы полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, оның формасын жыртып, дене жарақатын салған, - дейді Көліктегі полиция департаменті басқармасының бастығы Оңал БЕКИЕВ. – Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы («Билік өкіліне күш қолдану») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 ақпан 2022, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.