Атырау, 8 наурыз 04:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

​1 наурызда халықты құлақтандыру жүйесі тексеріледі

1 358 рет қаралды

Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін республикалық тексеру аясында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2022 жылғы 1 наурызында сағат 8.00-ден 11.00-ге дейінгі кезеңде Атырау облысы халқын құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізеді. 

«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы, - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, қалыптасқан жағдайда одан әрі іс-қимыл жасау жөніндегі нұсқаулықтарды алу үшін интернет-ресурстарда ақпаратты оқып шығуыңыз керек.

Барлықтарыңызды сигнал бойынша ешқандай әрекет жасамауды, тыныштық пен тәртіпті сақтауды сұраймыз.

28 ақпан 2022, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.