Атырау, 24 қараша 21:29
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина ЕО-ға қосылуы керек - Еуропа комиссиясының басшысы

1 232 просмотра

Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен Украинаның Еуропа Одағына қосылуына қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы Reuters-ке сілтеме жасап.

Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен Euronews-ке берген сұхбатында Киев пен Брюссель бірқатар мәселе бойынша тығыз жұмыс істейтінін, Украина кейбір еуропалық процестерге қатысатынын айтты. Соның ішінде Украина нарығын ЕО-ның бірыңғай нарығына интеграциялау мәселесі де бар.

"Біз энергетика саласында, басқа салаларда да өте тығыз ынтымақтасамыз. Уақыт өте келе Украина ЕО-ға қосылуы керек. Бұл - біз Еуропа отбасында көргіміз келетін ел", - деді Урсула фон дер Ляйен.

ЕО бұл соғысты тоқтатуға дайын ба деген сұраққа ЕК төрағасы соғысқа қашан да қарсы екенін айтты.

"Біз қашан да соғысқа қарсы болдық. Украина бұл соғысты ешқашан қаламады. Путин бастап, басқарып отыр. Сондықтан қаржы және экономика саласындағы қатаң санкцияларға жауап береміз. Бүгін санкциялардың үшінші пакетін ұсындым. Мысалы, кейбір ресейлік банктерді SWIFT жүйесінен ажыратып, ресейлік орталық банктің активтерін бұғаттауға дейін шаралар қабылданды. Жеке тұлғалар да санкцияға ұшырайды. Алғаш рет Еуропа Одағы Украинаға қару-жарақ жібереді. Бүгін тағы екі қадам жасалады: ресейлік ұшақтарға әуе кеңістігі жабылады және Russia today және Sputnik-ке тыйым салынады. Өйткені олар - Кремльдің үгіт-насихат жасайтын басты құралы", - деді ол.

28 ақпан 2022, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.