Атырау, 7 қазан 17:35
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау облысында екі ауданды су басты

Сурет Бейнежазба
1 960 просмотра

Қызылқоға және Индер аудандарында қардың суынан құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бірнеше күннен бері Миялы селосындағы Ж.Жабаев, И.Тайманов, Т.Қарабалин, Қ.Сәтпаев және Аққұлов көшелерінен 750 текше метр су сорылды.

Бұдан бұрын, 26 ақпанда Индер ауданының Индербор кентінде 110 текше метр су сорылды.

Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖ департаментінің 5 қызметкері және жергілікті әкімдіктің 6 қызметкері, 2 техникасы, 2 мотопомпа жұмылдырылған.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны ТЖД ұсынды

28 ақпан 2022, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.