Атырау, 7 қазан 17:25
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бүгінгі Украинадағы жағдай

2 110 просмотра

25 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский алдағы түн "ауыр болады" деп мәлімдеді. Ел басшысы Киевтен айырылуға болмайтынын айтып, өліспей беріспейміз дегенге сайды. Бұған дейін РФ Қорғаныс министрлігі Украина астанасын қоршауға алғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат және экономика

  • Владимир Зеленский Израильдің премьер-министрі Нафтали Беннеттен Ресеймен арадағы атысты тоқтату бойынша келіссөздерде араағайындық танытуды сұрады.

  • 28 ақпаннан бастап Еуропалық одақ Ресеймен арадағы жеңілдетілген визалық режим туралы келісімді тоқтатады. ЕО мұнай саласына арналған технологияларды Ресейге экспорттауға тыйым салды. Сондай-ақ, Еуропа елдері Владимир Путинге, Сергей Лавровқа, Михаил Мишустинге жекелей санкциялар салды.

  • АҚШ президенті Джо Байден Украинаға көмектесу үшін 600 миллион доллар, оның 350 миллионын қорғаныс саласына бөлуді бұйырды.

  • Украина президенті Владимир Зеленский видео түсіріп, өзінің әрі өз отбасының әлі Киевте екенін хабарлап, фейк ақпараттарға сенбеуге шақырды. Ол украин армиясы қаруын жерге тастап, берілмейтінін мәлімдеді.

  • Twitter ақпараттар манипуляциясын анықтауды күшейтті, сонымен қатар Ресей мен Украина пайдаланушыларына қатысты ұсыным тетігін өшірді, бұл қорлау мазмұнындағы контентті азайту үшін жасалды.

  • Facebook ресейлік мемлекеттік БАҚ-тарға жарнама жариялауға және монетизациямен айналысуға тыйым салды.

  • Moody ' s рейтингтік агенттігі Ресей мен Украинаның несиелік рейтингісінің төмендеу ықтималдығын болжайды. Fitch агенттігі Украинаның ұзақмерзімді рейтингісін төмендетті.

Ұрыс іс-қимылдары

  • РФ Қорғаныс министрлігі Ресей әскерінің қолдауымен ДХР мен ЛХР күштері Украина армиясының позициясында ұрыс шабуылдарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

  • ЛХР әскери топтары Трехизбенка ауылын басып алды. ДХР әскери бөлімдері Волноваха қаласына басып кірді. Ресей Қорғаныс министрлігі танкке қарсы америкалық Javelin және британдық NLAW зымыран кешендерін қолға түсіргенін хабарлады.

  • Ресей әскері Суми, Конотоп қалаларын қоршап алды, ал Мелитопольде өз бақылауын орнатты.

  • Киев әкімшілігі өзінің Telegram каналында астана көшелерінде белсенді ұрыс жүріп жатқанын хабарлады. Билік тұрғындарға терезелеріне жақындамауға және жабық жерлерде жасырынуға кеңес берді.

  • Украина Қарулы Күштері "Слобожан бағытында жаудың беті қайтқанын" мәлімдеді.

  • УҚК мәліметінше, Приморск бағытында Коблево ауданы маңында ресейлік диверсиялық-барлау тобының 20-ға жуық адамы мінген катердің көзі жойылды.

  • Украинаның инженерлік әскері десанттық-қолжетімді учаскелерді миналаған.

  • Украинаның әуе күштері ИЛ-76МД әскери ұшақтың көзі жойылғанын мәлімдеді. Киев, Чернигов және Херсон облыстарында тірі адамдар мен әскери техникаға әуеден соққы жасалуда.

26 ақпан 2022, 22:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.