Атырау, 7 қазан 17:34
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қауіпсіз бағыт – тек Атырау арқылы

1 779 просмотра

25 ақпанда, таңертең нақты уақыт режимінде рейстерді бақылайтын онлайн сервистерде Қазақстанның әуе кеңістігінде, әсіресе Каспий теңізінің үстінде және еліміздің батыс бөлігінде жолаушылар ұшақтары ағынының артқанын байқадық.

Еске салсақ, 24 ақпанда қазақстандық әуе компаниялары Қазақстаннан Украинаға әуе рейстерін тоқтатқан болатын. Air Astana Украинадағы қазақстандықтарды 26 ақпанда Атырауға арнайы рейспен алып шығатынын хабарлады.

Сол күні қаламыздың үстінен әуе рейстері жиілеп кеткенін көпшілік байқады. Біз Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайдың орталық диспетчерлік қызметінің ауысым бастығы Асқар КЕНЖЕҒҰЛОВҚА хабарласқан едік. Оның айтуынша, ұшақтар қозғалысы сәл жиілеген, бірақ диспетчерлерге түсетін жүктеме артқан жоқ, себебі бұл ұшақтар Атырауға қонбайды. Жалпы, оның айтуынша, 2014 жылы Украина көгінде малайзиялық «Боинг» ұшағы атып түсірілгеннен кейін көптеген әуе компаниялары ол жаққа рейстерді қысқартқан еді.

Айнұр САПАРОВА

Нақты уақытта бүкіл әлем бойынша ұшақтардың ұшуын бақылайтын онлайн картаның скриншоттары

26 ақпан 2022, 21:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.