Атырау, 24 желтоқсан 08:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Украинадан қазақстандықтар арнайы рейспен Атырауға ұшып келеді

1 731 рет қаралды

Air Astana әуе компаниясы Украинадағы қазақстандықтарды Катовице қаласынан (Польша) Атырауға арнайы рейспен алып келуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейс Катовицеден 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00-де ұшады. Жолаушылар рейске Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі ұсынған тізімдер бойынша тіркеледі, деп хабарлады Эйр Астана.

Еске салайық, эвакуациялау үшін қазақстандықтар 25 ақпанда Львов қаласындағы Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша еліміздің Құрметті консулдығы ғимаратында жиналуы керек. Тел.:. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.

Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне мына телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.

25 ақпан 2022, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.