Атырау, 16 тамыз 23:45
 дождьВ Атырау +25.4
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

Атырау облысында бір тәулікте 7 адам COVID-19 жұқтырған

1 857 рет қаралды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 7 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 2 жағдайы расталды, ал, 5 науқас -  Теңіз кен орнында анықталған.

Коронавирустық инфекциясы бар 2 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 5 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 44 адам емделді.

Қазір 346 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 35, аудандық инфекциялық стационарларда - 10.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

25 ақпан 2022, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.