Атырау, 27 сәуір 23:53
 ашықВ Атырау +23
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырауда ақша айырбастау пункттері доллар сатуды тоқтатты

1 855 просмотра

Атырауда 1 АҚШ доллары 471 теңгеге дейін өсті. Бұл кешегімен салыстырғанда 31 теңгеге көп. Бүгін кейбір ақша айырбастау пункттері ашылмады. Ал жұмыс істеп тұрғандары бүгіннен бастап доллар сатуды тоқтатты. Екінші деңгейлі банктерде шетел валютасы сатылып жатыр.

24 ақпандағы жағдай бойынша, Халық банк долларды 465,50 теңгеден алып 471,50 теңгеден сатса, Kaspi банк 466 теңгеден қабылдап, 472 теңгеден сатуда.  

Еске салайық 23 ақпандағы жағдай бойынша 1 доллардың бағасы 436-440 теңге аралығында болды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

24 ақпан 2022, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.