Атырау, 24 желтоқсан 08:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Ресейден әкелген көлігін тіркеп беремін деп алдаған

1 924 рет қаралды

31 жастағы Атырау қаласының тұрғыны 30 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, 850 мың теңгеге Ресей Федерациясында тіркелген автокөлігін Қазақстанда тіркеуге көмектесемін деп уәде берген. Уақыт өте келе ол алданғанын сезіп, полицияға шағымданған.

- Біздің қызметкерлер 1991 жылы туған күдіктіні ұстады. Оның деструктивті діни ағым мүшесі екендігі анықталды, - дейді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВ. Сот оны Қылмыстық кодекстің 190-бабы  3 бөлігі ("Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық") бойынша айыпты деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

25 ақпан 2022, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.