Атырау, 23 сәуір 20:30
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Атырау облысында бір тәулікте 12 адам COVID-19 жұқтырған

1 249 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 12 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 5 жағдайы расталды, ал, 3 науқас -  Теңіз кен орнында анықталған, 3 науқас - Жылыой ауданында, анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 8 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 4 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 64 адам емделді.

Қазір 380 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 3, модульдік ауруханада - 33, аудандық инфекциялық стационарларда - 14. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

23 ақпан 2022, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.