Атырау, 24 сәуір 16:23
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

АҚШ бүгін Ресейге санкциялар жарияланатынын мәлімдеді

1 155 просмотра

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкцияларды сейсенбі күні жариялайтынын айтты, деп хабарлайды qamshy.kz.

Дүйсенбі күні АҚШ президенті Джо Байден Украинаның Донбасс аймағындағы өздерін тәуелсіз деп жариялаған "Донецк Халық Республикасы" мен "Луганск Халық Республикасына" инвестиция құюға, сауда-саттық жасауға және қаржыландыруға тыйым салатын жарлыққа қол қойды.

АҚШ мемлекеттік департаменті дүйсенбі күні кешке Украинадағы дипломатиялық қызметкерлерін Польшаға көшірген.

22 ақпан 2022, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.