Атырау, 25 сәуір 13:59
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Спорт жаңалықтары

1 429 просмотра
Көрнекі сурет

Нұр-Сұлтанда ерлер командалары арасында баскетболдан Қазақстан кубогының қорытынды кездесуі өтті. «Атырау барысы» командасы «Астананы» ұтып, Кубок иегері атанды.

«Атырау» бұл жүлдені соңғы рет 2009 жылы алған болатын.

* * * * *

Германияның Гейдельберг қаласында парадзюдодан G1 класының халықаралық турнирі өтті. Мұнда 5 алтын, 2 күміс және 3 қола алқа жеңіп алған қазақстандық спортшылар ойдағыдай өнер көрсетті.

Әнуар Сариев, Абылай Әділбеков, Ерлан Қоңқиев, Олжас Оразалыұлы мен Дәулет Теміржан алтын алқа, Шәмей Ерғали мен Бауыржан Арыстанбеков күміс алқа иегері, Аманжол Жанбота мен Ерлан Өтепов қола жүлдегер атанды.

* * * * *

Албанияның Дуррес қаласында паратаэквондодан осы ел президентінің кубогы өтті. G2 класындағы бұл жарыстарда халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы атыраулық Нұрлан Домбаев өнер көрсетті.

80 келіге дейінгі салмақта бірінші айналымда ол Польша құрамасының өкілін ұтып, финалда Ұлыбритания спортшысын ұтты.

* * * * *

Қазан қаласында белдесіп күресуден Бүкілресейлік ашық турнир өтті. Мұнда атыраулық спортшылар екі алқа жеңіп алды.

100 келіден жоғары салмақта Амандық Абылай алтын алқа алса, 62 келіге дейінгі салмақта Ерсін Тұяқбай қола жүлдегер атанды.

* * * * *

Нұр-Сұлтанда қоян-қолтық және әскери қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионаты өтті. Аға жаттықтырушы Хайдар Есенғалиевтың жетекшілігімен Атырау облысының құрамасы 4 алтын, 3 күміс және 6 қола алқа жеңіп алды.

Гүлбану Саматова, Данир Базарбай, Мирас Шынтасов және Бек Насихатов ел чемпионы атанды.

* * * * *

Түркияның Анталия қаласында таэквондодан (WT) «Turkish Open» халықаралық турнирі аяқталды.

Мұнда Атырау облысының намысын қорғаған Жансел Дениз (73 келіге дейін) күміс жүлдеге қол жеткізді. Финалдық кездесуде Оңтүстік Корея өкілінен 10:19 есебімен ұтылды.

22 ақпан 2022, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.