Ресей Украина аумағында орналасқан өздерін «халық республикасы» деп атайтын Донецк және Луганск (ДХР және ЛХР) тәуелсіздігін мойындап, әскерін кіргізуді бастады, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Ресейлік мемлекет басшысы «Донецк халық республикасын мойындау» және «Луганск халық республикасын мойындау туралы» жарлықтарға қол қойды. Сонымен қатар Владимир Путин мен ДХР басшысы Денис Пушилин Ресей Федерациясы мен Донецк халық Республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. Ресей президенті мен ЛХР басшысы Леонид Пасечник Ресей Федерациясы мен Луганск Халық Республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды.
Мойындау Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыстар болуы мүмкіндігіне байланысты өңірдегі жағдайдың ушығуы тұсында орын алды.
Оған жауап ретінде Ресейдің әрекетін Украинаға қарсы тікелей агрессия акті деп бағалап бірқатар еуропалық елдер, сонымен қатар АҚШ жауапты шараларын жариялады, соның ішінде, жаңа санкциялар пакеті де бар.
Сонымен қатар Путин Ресей қорғаныс министріне ДХР мен ЛХР-ге «бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатында» ресейлік қарулы күштерді енгізуді тапсырды, содан кейін Украинаға әскер кіргізіле бастады.
Ресейдің әрекетіне жауап ретінде Украина басшысы Владимир зеленский «Украина ешкімге ештеңе бермейді» деп мәлімдеді.
Бұл ретте, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиналысы шақыртылды.
ДХР мен ЛХР – Украинаның Донецк және Луганск облыстары, олар 2014 жылы Ресей тарапынан жергілікті сепаристердің қолдауымен өздерінің тәуелсіздігін жариялаған еді. Бұған дейін Ресей Украина аумағының ажырамас бөлігі болып табылатын Қырымға көз тіккен еді. 2014 жылы да, қазір де Батыс және ресми Киев Кремльдің әрекетін Украинаға қарсы тікелей агрессия акті деп бағалайды.