Атырау, 7 қазан 19:21
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Трассадағы жол апатында жүргізуші әйелімен қаза болып, сәби ауруханаға жеткізілді

Сурет Бейнежазба
1 820 просмотра

21 ақпанда сағат 14:50 шамасында Атырау-Орал тас жолының 35 шақырымында Махамбет ауданы Бейбарыс ауылы тұсында жол-көлік апаты орын алып, екі адам қаза болды. 

Полиция департаменті хабарлағандай, "Ваз-11183" автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көліктер арақашықтығын сақтамай, алдында келе жатқан "DAF FT XF 105”  жүк көлігіне соқтығысқан. Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның 34 жастағы әйелі (екеуі де Махамбет ауданынан) оқиға орнында қайтыс болды. Олардың 2021 жылы туған сәбиі ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 ақпан 2022, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.