Атырау, 7 қазан 19:19
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырауда 23 жастағы бойжеткен көпірден секірмек болды

1 789 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет

21 ақпанда түнгі сағат 3:08 шамасында ҚПБ Жедел басқару орталығының (ЖБО) қызметкерлері бақылау камерасынан Атырау ықшамауданындағы көпір үстінде әйел адамның секіргелі тұрғанын көрген.

Департаменттің баспасөз қызметі атап өткендей, ЖБО кезекші инспекторы Гүлмира ТАЗДАРБАЕВА жақын маңдағы «Батыс» патрульдік полиция экипажына шұғыл бағыттама берген. Оқиға орнына жеткен полиция аға лейтенанты Ерболат МАҒЗОМОВ пен тағы бір жас жігіт көпір жақтауында тұрған әйелді құтқарып қалды. Әйел еңіреп жылап тұр екен, жасы 23-те.

- Көпірге үлгеріп жетуді ғана ойладық. Барлығы жақсы аяқталғанына қуандым, - деді Е. Мағзомов. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

21 ақпан 2022, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.