Атырау, 26 желтоқсан 10:47
 ашықВ Атырау -3
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Таиланд астанасының атауы өзгерді: енді Бангкок жоқ

1 864 рет қаралды

Таиланд астанасының ресми атауы енді Бангкок болмайды. Бұл туралы Корольдік қоғамның кеңсесі (ORST) жариялады және министрлер кабинеті мақұлдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.

Оның орнына қалаға тарихи атау - Крунг Тхеп Маха Нахон қайтарылады. Алайда, жаңа ресми атау барлық заң жобасын тексеруге жауапты комитет тексергеннен кейін қабылданады.

Жаңашылдық көпшіліктің көңілінен шықпағаннан кейін ведомство Facebook-тегі парақшасында құжаттардағы Бангкоктың ескі атауын ресми атаудан кейін жақшада қолдануға болатынын хабарлады.

Айта кетейік, Бангкок атауы 2001 жылдың қарашасынан бастап сол бөлімнің бұйрығымен қолданылып келеді.

18 ақпан 2022, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.