Елдегі азық-түлік бағасының қымбаттауы табысы төмен тұтынушылардың қалтасын қағып жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".
Мәселен, Франциядағы ең танымал тауардың бірі саналатын макарон былтыр жыл бойы қымбаттап келген және бұл үрдіс биыл да жалғасатын түрі бар.
Жалпы соңғы айларда француз халқын қымбатшылық қыспаққа алып келеді. Себебі негізгі тауар түрлері мен жанармай бағасы күрт көтеріліп кетті.
Оған шикізат пен электр қуаты құнының өсуі түрткі болды. France Bleu радиосы жүргізген сауалнамаға сәйкес ел азаматтарының 80 процентінің сатып алу қабілеті төмендеген.