Атырау, 7 қазан 19:29
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Индербордағы жаңа үйді су басты

Сурет
2 008 просмотра

Аудан орталығы Индербор кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 80 пәтерлік жаңа үйдің пайдалануға берілгеніне жарты жыл болмай жатып, тұрғындар жылуға қатысты шағымданып жатыр. Ал жақында үйдің шатырынан сел болып су аққан.

- Бесінші қабатта тұрамыз, жұмыстан келсем, мына сорақы жағдайға тап болып отырмын: төбеден сел болып аққан су подьезді алып кеткен. Сылақтар түсіп жатыр, - дейді тұрғындардың бірі.

Ал аудандық әкімшіліктің баспасөз қызметі салқын су құбыры жарылып, апат болғанын, мердігер - «СМК-4» мекемесіне хабарланғанын, кепілдік мерзімі бойынша жөндеу жүргізуі керектігін жеткізді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

           

17 ақпан 2022, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.