Атырау, 7 қазан 19:27
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қиғаш бойы демалыс орнына айналды

Сурет
2 566 просмотра

Құрманғазы ауданында Қиғаш өзенінің бойы жайлы демалыс орындарына айналуда. Өткен жылдың қарашасында бұл жерде әуесқой балық аулау базасының құрылысы аяқталған болатын. Ол жерде 19 бөлмеден тұратын 78 орын қарастырылған. 

Кнәшін каналы бойындағы 0,3 гектар аумақты алып жатқан демалыс орнының құрылысы былтыр сәуірде қолға алынған болатын. Инвестор - «Вест Моторс Сервис» ЖШС демалыс орнына 110 млн теңге инвестиция салған. 

- Сонымен бірге, «Қиғаш» әуесқой балық аулау туристік демалыс базасын жаңғырту жұмыстары да жүргізілді. Инвесторы - Ақтау қаласындағы «ЕвроСтрой А» ЖШС. Инвестиция көлемі - 120 млн теңге. Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде туристерге заманауи үлгідегі жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік туған. Ол жердегі орындар саны 24-тен 40 төсекке дейін көбейіп, 100 орындық асханасы да толық жаңғыртылды. Сонымен қатар, жаңадан 8 қайық, 1 серуен катері сатып алынған, – дейді Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Н. ТӨЛЕПОВ. - Аталған екі жоба Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

17 ақпан 2022, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.