Атырау, 7 қазан 21:33
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау облысында бір тәулікте 11 адам COVID-19 жұқтырған

1 622 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 11 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 6 жағдайы расталды, ал, 5 науқас -  Теңіз кен орнында анықталған. 

Коронавирустық инфекциясы бар 8 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 171 адам емделді.

Қазір 935 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 10, модульдік ауруханада - 67 фтизиопульманологиялық орталықта - 7 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 15. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

17 ақпан 2022, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.