Атырау, 7 қазан 21:28
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды

1 772 просмотра

Қаржы мониторингі агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат НУДИННІҢ ұсталғанын ресми түрде растады.

Бүгін, 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі әлеуметтік объектілердің құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегімен Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті облыстық құрылыс басқармасының лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын ресми түрде хабарлады. Әңгіме мектеп, екі отбасылық дәрігерлік амбулатория және дене шынықтыру-сауықтыру кешені туралы болып отыр.

- ЖШС басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Осы қылмыстық іс шеңберінде Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары (қазіргі таңда Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары – ред. ескертпесі) ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Еске салсақ, бұған дейін «АЖ» облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Нұрқуат Нудиннің ұсталғаны туралы жазған болатын. 2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурыз айына дейін ол облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Айнұр САПАРОВА

16 ақпан 2022, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.