АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға "шабуыл жасау" ықтималдығы әлі де бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Америкалықтарға арнаған видео үндеуінде Байден "АҚШ жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге дайын" екенін баса айтты.
"Егер Ресей Украинаға шабуыл жасаса, біз нақты жауап беруге дайынбыз және бұл әлі де ықтимал", - деді Байден Ақ үйдің YouTube-арнасына жарияланған видео үндеуінде.
Сонымен қатар, америкалық тарап өз мәлімдемелеріне ешқандай дәлел келтірмейтіні айтылды.
Бұған дейін Байден Ресей 16 ақпанды Украинаға "шабуыл жасау" күні деп белгілегенін мәлімдеген болатын. Бұл мәлімдеме Батыс елдері, Еуроодақ және НАТО басшыларымен келіссөздер барысында айтылды.